Оқу - білім тарихына зер салғанда аңғарғанымыз мыңдаған жылдарғы өркениеттің өрісіне арналған, адам ақыл-ойының кезеңдік жетістіктерін бойына дарытқан зердесі терең адамзат қоғамы еңбек еткенін айтады. Мектептің негізі 1938 жылы қаланып, бүлдіршіндерге білім есігі құшағын айқара ашты.
Бүкілодақтық Ленин Комсомолының мерекесі қарсаңында ашылғандықтан, мектепке «БЛКЖО-ның XX жылдығы» деген ат берілді. Ол кездегі оқу ғимараты 2 қабатты қазіргі әуез мектебі болатын.
1975 жылы мектеп жаңа 4 қабатты ғимаратқа көшірілді. Бұл Ұлы Жеңістің 30 жылдығымен сәйкес келіп, мектепке даңқты қолбасшы Совет Одағының Батыры И.В.Панфилов есімі берілді. №5 И.В.Панфилов атындағы орыс орта мектебі облыс бойынша химия пәнін тереңдетіліп оқытатын мектеп ретіндегі ауызға ілінді.
И.С.Дурлештер ұстаздық еткен жылдары химияны тереңдетіп оқытудың бірегей базасын, аналитикалық және жалпы химия оқу кабинеттерін жасады. Кезінде бүкіл Совет Одағында теңдесі жоқ ғылыми зертханасы толық жабдықталған жалғыз кабинет болды. Себебі, оны бітірген түлектер сан жақтың оқу орындарына қиындықсыз түсіп, Қызылорда қаласының №5 мектебі ұстаздарының еңбегінің нәтижесін көрсете білді. Оның оқушылары Бүкілодақтық Республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындардың иегері болды. И.С.Дурлештер 1988жылы Москвада өткен Бүкілодақтық мұғалімдер сьезінің делегаты болды. Ол ССРО және Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі белгілерімен марапатталды. «Ұлы Отан соғысындағы ерен ерлігі үшін » медалінің иегері. Мектептің «Үздік бітірушілер» тақтасы жылма-жыл жаңа есімдермен толықтырылды.
1938-1941 жылдары аралығында алғаш мектепті Гороховадский басқарды. Ол тарих пәнінің білікті маманы болатын. Соғыс жылдарының алғашқы күндері Ұлы Отан соғысына шақырылды.
1941-1945 жылдар Н.В.Стеклер,1945-1953 жылдары В.М.Стернина
1953-1960 Н.С.Войтенская, 1960-1980 жылдары Р.Г.Крапивенко
1980-1983 жылдары Л.С.Есенова, 1983-1987 жылдары А.К.Шупенько
1987-2000 жылдары Д.Т.Калимбетов, 2000-2004 жылдары З.Ж.Жиенбаева
2004-2009 жылдары Б.Ж.Өтемұратова,2009-2013 жылдары Ә.С.Көшкінбаева
2013-2020 жылдары А.Б.Избасова, 2020 жылдың тамыз айынан
Мұхашова Рита Жұмамұратқызы №5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицейді басқарып келеді
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңдары, Қызылорда қаласының әкімдігінің 19 тамыз 2009 жылғы №1754 қаулысына сәйкес №5 И.В.Панфилов атындағы орта мектебіне «мектеп-лицей» статусы берілді.
2015 жылы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» тәжірибесін енгізу алаңы аясында 8 инновациялық мектептер желісі құрылып, №5 мектеп-лицейі жоғарыда аталған инновациялық мектептер қатарына енді Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңдары, Қызылорда қаласының әкімдігінің 19 тамыз 2009 жылғы №1754 қаулысына сәйкес №5 И.В.Панфилов атындағы орта мектебіне «мектеп-лицей» статусы берілді.
2015 жылы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» тәжірибесін енгізу алаңы аясында 8 инновациялық мектептер желісі құрылып, №5 мектеп-лицейі жоғарыда аталған инновациялық мектептер қатарына енді.






