| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Жылдық есеп 2023-2024 оқу жылы педагог-психологтар | |
| 2 | Жылдық есеп 24-25 оқу жылы педагог-психологтар | |
| 3 | Психолог 1 - 2024 | |
| 4 | Психолог 2 - 2024 |
«Педагогикалық психология балалар психикасының оқу – тәрбие жұмысындағы өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, мектеп тәжірибесінің дамуына үлес қосып отырады. Педагогикалық психология сабақ үстінде оқу материалдарын балалар қалай ұғынады, не тәрбие жұмысында үлкендердің тілін алып, тәртіп сақтауға қалай көнеді, міне осымен шұғылданады.Осыған орай педагогикалық психология бұл мәселелермен айналыса отырып, өзінің ізденетін объектісін мынадай үш түрге бөледі: оқыту психологиясына, тәрбие психологиясына және ұстаздық психологияға» (М.М.Мұқанов). Қазақстан Републикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №338 Бұйрығымен бекітілген 7-параграф негізінде көрсетілген «орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары тәртіптемесінің үлгі қағидаларын бекіту туралы» сипаттамасы негізінде әзірленген.
Лауазымдық міндеттері: оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады.
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі Конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басын дамытуға кедергі келтіретін факторларды анықтайды және әртүрлі психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, оңалту және консультативтік).
Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға нақты психологиялық мәселелерді шешуде көмек көрсетеді.
Әр түрлі бейіндегі және арналуындағы психологиялық диагностика жүргізеді.
Оқытушылар ұжымын, сондай-ақ оқушылардың ата-аналарын немесе оларды алмастыратын тұлғалардың білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелерінде бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды. Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді.
Инклюзивті білім беру қағидасын дамытады.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында кибермәдениет пен кибергигиенаны дамытады.
Оқушылардың жеке және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда бағдарлауға және кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде дайындығын дамытуға ықпал етеді
Дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі.
Оқушылардың даму дәрежесін анықтайды, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік дамуының бұзылуына диагностика жасайды, оларға психологиялық-педагогикалық түзету жүргізеді.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің және оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады.
Білім беру ұйымының қызметкерлеріне білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, оқушылардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша кеңес береді.
Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің, ата-аналар жиналыстарының, педагогикалық консилиум, сауықтыру, тәрбие және басқа да іс-шаралардың жұмысына қатысады.
Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.
Буллинг, суицидтің алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
Білім беру процесі кезінде 8-11 сынып оқушыларының өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
Білім беру ұйымдарында барлық білім беру процессіне субъектілердің қатысуымен "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді, оның ішінде отбасылар балалар.
Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.






