№5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицейінде Кәсіподақ ұйымының 100 жылдығына орай "Кәсіподақ - күш, сенім, абырой" атты мектебіміздің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы Гаухар Рақымжанова және кәсіподақ ұйым мүшелерінің жұмыс тобының ұйымдастыруымен 16-20 қыркүйек аралығындағы Кәсіподақ апталығының ашылуы болды.

Апталықтың ашылуында мектеп психологтары "Ой сізден, сыйлық бізден" тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Әбішева Ақерке Мектеп фойесінде "Фотолар сыр шертеді" тақырыбында  бейнеролик үзіндісін жасады.

Аймереке Бахуадин 10-11 сыныптар аралығында оқушылармен "Талғам. Таңдау. Мамандық. Еңбек орны" тақырыбында мектеп акт залында тренинг сабақ жүргізді. Біздің мектебімізде кәсіподақ ұйымының апталығы өз дәрежесінде, кәсіподақ мүшелерін серпілтетін қызықты ойын тренингтермен ашылып, ұстаздардың ризашылығына бөленді.