И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп – лицейінде 5-6 сыныптарға арналған Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі болып өтті. Олимпиадаға 10 оқушы қатысты. Тапсырмалар жалпы үш кезеңнен тұрды, бірінші бөлімде төрт жауапты тест жұмысы, әр дұрыс жауапқа 4 ұпай, жалпы 28 ұпай. Екінші бөлімде бес жауапты тест жұмысы әр дұрыс жауапқа 5 ұпай, жалпы ұпай саны 30. Үшінші бөлімде бос орындарды толтыру. 7 есеп беріледі, әр дұрыс жауапқа 6 ұпай, жалпы 42, ұпай барлығына 100 ұпай беріледі. Олимпиада қорытындысы бойынша 5 сынып оқушылары Құдайберген Даниал, Қайрат Аңсар, 6 сынып оқушылары Маратұлы Ардақ, Ақылбек Сырым, Сәруар Іңкәр жоғары ұпай жинап қалалық кезеңге өтті.







