Бірлестік мұғалімдері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында
«Крестики - нолики»,
«Дойбы»,
«Baamboozle» платформасы арқылы
«Шапшаң сұрақтар» тапсырмаларын ұйымдастырды.
Сайыс өте тартымды өтті. Сайысқа қатысушы оқушылар мен ұстаздар өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсете білді.
Физика пәні мұғалімдері С.Сағатова, Ф. Сейдалиева, А. Бахуадин, А. Нұртанованың ұйымдастыруымен 8 - 9 - 10 сынып оқушылары өз қолдарынан әр түрлі заттарды пайдаланып заттардың тығыздығын анықтау, сұйықтың қысымын өлшеу, электр құралдарын пайдаланып және де электр заряды пайда болатын түрлі құбылыстарды көрсетті.







