№ 5 И.В.Панфилов атындағы мектеп – лицейінің «Математика, физика» пәндері бірлестігінің «Әлемді бейнелеген – нақты ғылымдар» атты онкүндігінде математика пәні мұғалімі Әбілдаева Гүлнұр Бақытжанқызы 2024 жылдың 15 қарашасында 6 «А, Ә, Б» сынып оқушылары арасында «Әлемді сандар билейді» тақырыбында сыныптан тыс сабағын өткізді.
Сайыс мақсаты: математика мен басқа пәндерді байланыстыра отырып,оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру, Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, математикалық ой - өрісін кеңейту, іздену қабілеттерін дамыту. Жылдамдыққа, ептілікке, бір - біріне деген достық қарым - қатынаста болуға , дені сау азамат болып өсуге тәрбиелеу.
Сайыс «Сандар», «Адасқан әріптер, «Сен білесің бе?», «Викторина», «Санамақтар», «Халық өлшемдері», «Мақал –мәтел жалғастыру» , «Логика» , «Жұмбақтар» тапсырмалары жасырынған ұяшықтармен берілді, әрбір дұрыс жауапқа топ мүшелері «алтын теңгеден» жинады. Сайыс қорытындысы бойынша 6 - «А» сыныбы 14, 6 - «Ә» сыныбы 18, 6 - «Б» сыныбы 13 «алтын теңгеден» қоржындарына жинады. Сайыс өте қызықты өтті.







