2024-2025 оқу жылында 7 «Ә», «Б», «В» сыныптарында математика пәнінен 12.11.2024 ж.күні «Математика – білім желісі, Спорт – денсаулық жемісі» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өттім. Математика мен спортты байланыстыра отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, математикалық ой өрісін кеңейту. Жылдамдыққа, ептілікке, бір-біріне деген достық қарым-қатынаста болуға, дені сау азамат болып өсуге тәрбиелеу.
Математикалық эстафета 5 кезеңнен тұрды. 1-кезең Доппен секіру, 2-кезең Нысанаға түсіру, 3-кезең Білгенге маржан, 4-кезең Ойымды жалғастыр, 5-кезең Дене жаттығулары. Сайыс кезеңдерінде оқушылар өздерінің шапшаңдықтарын, ептіліктерін және де ойлау қабылеттерінің жоғары деңгейде екенін көрсете білді. 1-орынды 7 «В» сынып «Сұңқар» тобы, 2-орынды 7 «Б» сынып «Алтын орда» тобы, 3-орынды 7 «Ә» сынып «Достық» тобы жеңіп алды.