22 сәуір күні мектебімізде 9 - сынып оқушыларына арналған «Мамандық таңдау - болашақты таңдау» тақырыбында кәсіби бағдар беру шарасы өткізілді.

Шараға арнайы Абылай хан атындағы Жоғарғы колледжінің, Орда Жоғарғы колледжінің, және С. Ысқақов атындағы Құрылыс және бизнес колледжінің білікті мамандары шақырылды.

Колледж өкілдері оқушыларға оқу орындарының тарихы, білім беру бағыттары, заманауи оқу базасы және әртүрлі мамандықтар туралы кеңінен мағлұмат берді.

Оқушыларға келесі бағыттар таныстырылды:

Техникалық мамандықтар: құрылысшы, электрик, механик;

Гуманитарлық бағыт: аудармашы, мұғалім, заңгер;

Қызмет көрсету саласы: аспаз, шаштараз, дизайнер.