"Талантыңмен, біліміңмен жұлдыз бол да, Жарқыра" - Жұлдызды жеңістер шеруі

17 сәуір 2025 жылы И.В. Панфилов атындағы №5 мектеп - лицейінде 2024 - 2025 оқу жылының қорытындысы бойынша білім, ғылым, спорт және өнер салаларында жетістікке жеткен оқушылар мен олардың пән мұғалімдерін марапаттау мақсатында "Талантыңмен, біліміңмен жұлдыз бол да, Жарқыра" атты салтанатты шара ұйымдастырылды.

Шараны мектеп - лицей директоры Мұхашова Рита Жұмамұратқызы құттықтау сөзімен ашып, шәкірттер мен ұстаздарды табыстарымен құттықтап, жаңа жетістіктерге жетуге шабыт берді.

Салтанатты марапаттау барысында төмендегі байқаулардың жеңімпаздары мен жетекшілері марапатталды:

  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада (5 - 6, 7 - 8, 9 - 11 сыныптар)
  • "Зерде" зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауы (2 - 7 сыныптар)
  • "Дарын" ғылыми жобалар конкурсы (9 - 11 сыныптар)
  • "Ұлттық мектеп лигасы" спорттық жарыстары
  • "Алтын қазына" өнер байқауы