9 - сынып оқушылары үшін пайдалы әрі әсерлі күн өтті!

Бүгін мектебіміздің 9 - сынып оқушылары “Абылай хан” және “С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледждерінде” ұйымдастырылған ашық есік күніне қатысты. Бұл іс - шара кәсіби бағдар беру мақсатында өткізіліп, оқушылар үшін болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт берді.

“Абылай хан” колледжінің бастамасымен қыздар “Хадия” салонының кәсіби шеберлерінен шаштараз ісі мен косметология бойынша қызықты шеберлік сағатына қатысты. Олар сұлулық индустриясының қыр - сырымен танысып, болашақ мамандықтар жайлы нақты әрі пайдалы ақпарат алды.

Ал С.Ысқақов атындағы колледжде ер балалар құрылыс, техникалық және жұмысшы мамандықтары бойынша танымдық саяхат жасап, әрбір мамандықтың маңыздылығымен танысты.