7 сәуір 2025 ж. мектебімізде ағылшын тілі пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен “AI in English: The Future is Now” атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті!
Бұл онкүндіктің басты мақсаты - оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектті (AI) ағылшын тілімен ұштастыра отырып, білім алуға деген жаңа көзқарас қалыптастыру.







