Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әр бір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім,
Егер сені білмесем, - дей келе, 5 қыркүйек күні Ахмет Байтұрсынұлының туылған күнімен тұспа-тұс мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің “Тілім тірегім - соғып тұрған жүрегім” атты онкүндігі салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылды. Мектеп директоры Рита Жұмамұратқызы тілдер мерекесімен құттықтап, лебізін білдірді. Шараға тіл жанашырлары белсене қатысты.
"Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарын ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек"- деп келе, барлық тіл жанашырларын онкүндікке белсене қатысуға шақырды.
https://5mektep.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/112-til-tiregimiz-so-yp-t-r-an-zh-regimiz.html#sigFreeId666a8bdcd2






