18.10.2024 ж. мектеп - лицей базасында 10 - 11 сынып оқушыларына кәсіби бағыт - бағдар беру мақсатында қала кәсіпкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: оқушыларға кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып, бизнес жасау жолдарын үйрету, кәсіптік бағыт - –бағдар беру, оқушылардың бойында іскерлік, әдеп, ұйымдастырушылық қабілетін, ұжыммен жұмыс дағдыларын қалыптастыру,кәсіпкерлік туралы түсініктерін, ой – өрісін арттыру, кәсіпкерлік еңбекке баулу, маңызды шешім қабылдай алатын, жетістікке жететін белсенді азамат болуға тәрбиелеу. Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, п.ғ.магистрі, ҚР мәдениет саласының үздігі, ҚР қолөнершілер одағының мүшесі Айдана Әлайдарқызы қонақ ретінде шақырылып, мектеп оқушыларына өзінің қолөнер саласындағы іскерлік кеңесін беріп, қызу сұхбат жүргізілді.Сонымен қатар, 11 «А» сыныбынан құралған 2 топ оқушылары, және 10 сынып оқушысы Алекбар Аяна өздерінің бизнес жобаларымен бөлісті. Дөңгелек үстел ұйымдастырушысы кәсіпкерлік және бизнес пәні мұғалімі Палымбетова Жадыра.