Мақсаты: физика пәнінен білімдерін жалпылау және бекіту.
Тапсырмалар:
Білім беру:
- физика пәнінен білімдерін жалпылау және бекіту;
- физикаға деген қызығушылығын арттыру;
- оқушылардың ой - өрісін кеңейту.
Дамытушылық:
- ақпараттық - коммуникативтік құзыреттілікті, зейінді, есте сақтауды, логикалық ойлауды, жаңа нәрселерді білуге деген құштарлықты дамыту;
- физика курсын оқуға деген жағымды эмоционалды қатынас пен қызығушылықты қалыптастыру.
Тәрбиелік:
- сыныптастарының жауабын тыңдай білуге, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу;
- ұжымның ұйымшылдығына ықпал ету.
Физикадан сыныптан тыс іс - шара физика математика пәндер апталығы аясында 9 - сынып оқушылары үшін интелектуалды сайыс түрінде өткізіледі. Сыныптар 2 командаға бөлінеді, әр топта 5 оқушыдан болды.
Іс - шара төмендегідей бөлімдер бойынша өткізілді.
1. «Таныстыру»
2. «Физикалық жұмбақтар»
3. «Лабиринт»
4. «Капитандар сайысы»
5. «Барлығына белгілі метр»
6. «Карусель»
Әділ қазы мүшелері әр кезең бойынша ұпай сандарын есептеп І,ІІ,ІІІ, орын иегерлеріне марапаттарын табыс етті.