2024 жылы 9 желтоқсан күні 9-сынып оқушыларымен «Форсайт: келешекті болжау және жоспарлау» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – оқушыларға форсайт технологиялары туралы түсінік беру, олардың болашақ туралы ойлау қабілеттерін дамыту және стратегиялық жоспарлау дағдыларын қалыптастыру. Тренинг барысында қатысушылар екі топқа бөлінді. Әр топқа болашақты болжауға және стратегиялық жоспар құруға қатысты арнайы тапсырмалар берілді. Оқушыларға форсайт ұғымы түсіндірілді. Болашаққа қатысты негізгі болжам жасау әдістері мен стратегиялар таныстырылды.