2024 жылдың 5 ақпан күні 9-11 сынып оқушылары арасында "Жас ғалым" ғылыми жобалар байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамыту, олардың шығармашылық әлеуетін арттыру және ғылымға деген қызығушылығын ояту.
Іс-шараға 8 оқушы қатысты. Олар түрлі ғылыми бағыттар бойынша өз жобаларын әзірлеп, әділқазылар алқасының назарына ұсынды. Әрбір қатысушы өз зерттеу жұмысын таныстырып, оның өзектілігін, жаңашылдығын және ғылыми маңыздылығын дәлелдеді.