№5 И.В. Панфилов атындағы мектеп - лицейінде «Сабақтар шеруі» шеңберінде «Математика және физика» пән бірлестігінің магистрлері шеберлік сыныбын өткізді
18.03.2025 ж. күні мектебімізде «Математика және физика» пән бірлестігінің магистрлері мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында шеберлік сыныбын өткізді. Іс - шара мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, тәжірибе алмасуға бағытталды.
- Физика пәнінің мұғалімі А. Бахуадин шеберлік сыныбын психологиялық ахуал қалыптастырумен бастады. Сондай - ақ Learning Apps платформасында үй тапсырмасын тексеру әдістерімен, 3D Mozaika және PowerPoint арқылы слайд жасау тәсілдерімен таныстырды.
- Математика пәнінің мұғалімі А. Изтелеуова Leonardo AI нейрожүйесі арқылы жұмыс парақтарын әзірлеу әдістерін және дидактикалық ойын тәсілдерін үйретті. Сонымен қатар, Gynzy онлайн тақтасы арқылы рефлексия жасау жолдарын көрсетті.
- Математика пәнінің мұғалімі Ә. Қаржаубаева сабақты бекіту әдістерімен бөлісті. Lumeo жасанды интеллект жүйесін пайдалана отырып, ойын арқылы бекіту тәсілдерін көрсетті.
- Математика пәнінің мұғалімі А. Шайхутдинова шеберлік сыныбын «Кофейная пауза для супергероев» атты мотивациялық ойынмен аяқтады. Бұл ойын мұғалімдердің өз қабілеттеріне деген сенімін арттыруға және өзін - өзі бағалау дағдыларын дамытуға көмектесті.
- Нәтиже: Шеберлік сыныпқа қатысушылар құнды әдістемелік ақпарат алып, тәжірибе жинақтады. Қарастырылған тақырыптарға деген қызығушылықтары артып, белсенділігі жоғарылады.
View the embedded image gallery online at:
https://5mektep.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/136-5-i-v-panfilov-atynda-y-mektep-litsejinde-saba-tar-sherui.html#sigFreeId10aa37633a
https://5mektep.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/136-5-i-v-panfilov-atynda-y-mektep-litsejinde-saba-tar-sherui.html#sigFreeId10aa37633a






