Жыл сайын «Психология апталығын» өткізу білім беру мекемелері үшін жақсы дәстүрге айналған. Тақырыптық аптаның барлық жоспарланған іс - шаралары білім беру үдерісін психологиялық - педагогикалық сүйемелдеудің ажырамас бөлігі болып табылады, сондай - ақ өзекті және басым мәселелерді, ата - аналардың, мұғалімдердің, оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып өткізіледі.
Ақпан айының 17.02 - 21.02.2025 күндері аралығында «Психология - ғажайып ғылым» тақырыбында психология апталығы өткізілді.
Апталықтың мақсаты: оқушылар мен мұғалімдердің, ата - аналардың психологиялық құзіреттілігін арттыру, адам санасының құрамдас бөлігі ретінде психологиялық ғылымның маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру.