Құрметті ата-аналар!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы №26 бұйрығына сәйкес, жалпы орта білім беру ұйымдарында бірыңғай мектеп формасын сақтау міндетті болып табылады.
Мектеп формасына қойылатын негізгі талаптар:
- Форманың түсі мектептің педагогикалық кеңесінде бекітіледі (қою көк түсті реңктер ұсынылады).
- Ер балаларға – классикалық үлгідегі костюм (пиджак, жилет, шалбар), ақ жейде, қара аяқ киім.
- Қыз балаларға – пиджак, жилет, белдемше немесе классикалық шалбар, ақ жейде, қара аяқ киім.
- Белдемшенің ұзындығы тізеден қысқа болмауы тиіс.
- Мектеп формасында діни немесе этномәдени ерекшелікті білдіретін элементтер болмауы қажет.
- Спорттық киім тек дене шынықтыру сабақтарында ғана қолданылады.
- Сыртқы киім, сәндік әшекейлер мен артық аксессуарларға шектеу қойылады.
Барлық ата-анадан оқушылардың мектеп формасын сақтауды және мектеп ережелерін орындауды қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.
Ізгі тілекпен,
Мектеп әкімшілігі
View the embedded image gallery online at:
https://5mektep.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/146-ata-analar-a-khabarlama.html#sigFreeIdfebb07ea86
https://5mektep.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/146-ata-analar-a-khabarlama.html#sigFreeIdfebb07ea86






