И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп - лицейінде 1 "А" сынып оқушыларының ата - аналары арасында керемет көңіл - күй сыйлаған спорттық сайыс өтті. Іс - шараны дене шынықтыру пәні мұғалімі Ержігіт Арыстанбеков жоғары деңгейде ұйымдастырды. Сайыс 5 кезеңнен тұрды және қатысушылар өз шапшаңдығы мен ұйымшылдығын, спортқа деген құштарлығын көрсете білді.
Мақсаты:
Оқушы мен ата - ана арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау.