И.В. Панфилов атындағы №5 мектеп - лицейінде “Дене шынықтыру және АӘД” пән бірлестігінің ұйымдастыруымен “Спорт - менің серігім” тақырыбындағы онкүндік өз жұмысын бастады.
Онкүндіктің мақсаты - оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, дене тәрбиесінің маңыздылығын арттыру және патриоттық рухта тәрбиелеу. Ашылу салтанатында пән бірлестігі мұғалімдері онкүндік аясында өтетін іс - шаралар жоспарымен таныстырып, оқушыларға спорттық жарыстар мен түрлі танымдық сабақтарға белсенді қатысуға шақырды.
Іс - шаралар қатарында волейбол, шахмат, жеңіл атлетика бойынша жарыстар, саптық дайындық сабақтары және “АӘД” пәні бойынша ашық сабақтар өткізу жоспарланған.